«Жақсы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
аналитикалық анықтама
Жақсы ауылы 2021 ж. 02.03.
2021 жылғы 1-2 наурыз аралығында Жақсы ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 01 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің 1 тармағы негізінде «Жақсы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі - мекеме) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды тексеру барысында, мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететіндер анықталған жоқ.
2020 жылғы 11 қыркүйекте «Жақсы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы тартылатын қызметкерлермен заң бұзушылықты, атап айтқанда ҚР Еңбек кодексінің талаптарын және Жол картасының талаптарын жою туралы Жақсы ауданы прокурорының бір ұсынысы енгізілді. Анықталған бұзушылық ішінара расталды.
Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны, қызметкерлерге тиісті бақылаудың жоқтығы үшін «Ақмола облысы Жақсы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры К. Ү. Көпеева тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
1.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша штат саны 16 бірлікті құрайды, іс жүзінде 16 қызметкер жұмыс істейді, бос жұмыс орындары жоқ.
Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің мекеме басшысымен үлестестігі жоқ. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету.
ҚР цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы тізіліміне сәйкес коммуналдық-мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетеді.
2020 жылы және 2021 жылдың 2 айында мекеме 787 қызмет көрсетті.
Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тегін көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы, сондай-ақ есептік деректердің алшақтығы анықталған жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер стандарттарға сәйкес көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы стандарттары бар. Стенд халыққа қолжетімді жерде орналасқан.
Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтер бойынша мақалалар жарияланбады.
Ғимаратта ақпараттық стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы стандарттары мен өтініштердің үлгілері ілінген. «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды.
Мекеменің Жарғысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № А-9/261 қаулысымен бекітілген. Алайда Жарғыда Мемлекеттік қызмет көрсету туралы функция көрсетілмеген, тек директордың, бөлім маманының лауазымдық нұсқаулықтарында ғана көрсетілген.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру туралы қолданыстағы сертификаттар директор К. Ү. Көпеевада, бас маман А. Б. Әбілқасымовта бар.
Ғимаратқа кіре берісте пандус орнатылған, шақыру түймесі бар және жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бейімделген санитарлық торап бар.
2.3. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау.
2020 жылы және 2021 жылдың 2 айындағы жағдай бойынша мекемеге 15 өтініш түсті. Өтініштер қаралып, жауаптар уақытылы берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеудің 2020-2021 жылдарға арналған папкалары, журналдары, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды тіркеу журналдары бар. 2020 жылы және 2021 жылдың 2 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібін бұзу түскен жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұзушылықтарды болдырмау мақсатында,ҰСЫНАМЫЗ:
Қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-не 2021 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде хабарлау қажет.
Жақсы ауданы әкімі
аппаратының басшысы О. Бочарникова
КЕЛІСІЛДІ: Қ. Жылқайдаров Т. Балацкая Д. Бектұрғанова Ұ. Жүсіпова К. Көпеева