Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 18 маусымында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады.

Биылғы жыл ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) дамыту мәселелері үшін оңтайлы болды. Бірқатар заңнамалық өзгерістер өздерінің болашағы туралы бүгіннен бастап ойланатын салымшылар үшін бұрынғыдан да көп артықшылықтар әкелді. Себебі, дәл осы ерікті зейнетақы жарналарының азаматтар үшін құрметті демалысқа шыққан кезде қосымша қаржылық қолдау болып табылатыны ешкімге құпия емес.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.  

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді. Атап айтқанда, ЕЗЖ бойынша төлемдерді енді ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан барлық адамдар ала алады.

Сонымен қатар БЖЗҚ қызметкерлері кездесу барысында тұрақты зейнетақы жарналарының барлық артықшылықтары туралы айтып, зейнетақы калькуляторының көмегімен ЕЗЖ бойынша тұрақты жарналар есебінен келешекте алатын зейнетақының мөлшерін қалай едәуір арттыруға болатындығын іс жүзінде көрсететін болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусымда өтеді 10:00 с., 12:00 с. және 15:00 с. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек www.bit.ly/akmodpv Содан кейін event-мәжіліс нөмірі: 184 763 0336 мен event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1234

 

 

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы