Меню

Страницы

Статья

«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Жақсы аудандық мәслихатының                                       ЖОБА

 2018 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 6ВС-34-4 «Жақсы ауданында

әлеуметтік көмек көрсетудің,

оның мөлшерлерін белгілеудің және

 мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындаудың

қағидаларын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

          көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

           5 тармақ 1 тараудың жаңа редакцияда жазылсын:

          «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;

2 тараудың 9 тармағының 5 жолы жаңа редакцияда жазылсын:

««Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;»;

2 тараудың 9 тармағы жаңа жолымен толықтырылсын:

«мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;»;

2 тараудың 10 тармағының 2 тармақшасы   жаңа редакцияда жазылсын:

««Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;»;

2 тараудың 11 тармағы  жаңа редакцияда жазылсын:

          «11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сауықтыру үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу жолымен сатып алынатын жолдамалар өтініш берілген күнге сәйкес кезектілік тәртібімен;

          2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), немесе оның мүлкіне, жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш білдірген кезде, отбасының бір мүшесіне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне зиянды өтеу;

          3) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктермен ауыратындарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

          4) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратындарға емделуге, ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз;

          5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға босату туралы анықтама ұсыну бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

          6) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматарға (отбасыларға), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

          шұғыл емделуге (ота жасауға);

          кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;

          облыстың жергілікті атқарушы органы келісім бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

          7) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратындарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

          адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балаларға ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, өтініш берусіз;

          8) мүгедек бала шипайжайда болу кезінде ілесіп журу ұшін мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдардың біріне шығындарының 50% өтеу;

          9) аз қамтылған және халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттерге және мүгедектігі бар ауылдық жерде тұратын, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын, студенттерге, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

          10) жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын ауылдық жерде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

          11) мүгедектігі жоқ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерлерін жерлеуге әлеуметтік көмектің шекті мөлшері жақын туыстарының өтініші бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш;

           12) Коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек ауыл және ауылдық округтер әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын:  

          Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ай сайын 100 пайыз мөлшерінде;

          басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының күші қолданылатын басқа адамдарға, ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».                                                                                                                                            2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жақсы аудандық мәслихат                           Жақсы аудандық

сессиясының төрағасы                                 мәслихатының хатшысы                                                                

__________ Е.Байдүйсенов                           ___________Д. Пішембаева

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жақсы ауданының әкімдігі

Шешім

Дата публикации
02 июня 2021
Дата обновления
02 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы