Меню

Страницы

Статья

Маскасыз өмірге қашан ораламыз - министр жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың қашан маскасыз өмірге орала алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол үшін біз халықтың негізгі бөлігіне екпе жасап үлгеруіміз керек. Жоспар бойынша вакциналауды күздің басына қарай аяқтау жоспары бар. Қыркүйекте азаматтарға барынша көп екпе жасауымыз керек. Көріп отырсыздар, Америка Құрама Штаттарындағы, Израильдегі жағдай халықтың негізгі бөлігін вакциналағанның арқасында біршама жақсарды. Азаматтардың 60 пайызына дейін вакцина салғандықтан, маскасын шешіп, қалыпты өмірге оралып жатыр. Ұжымдық иммунитет болғанда азаматтар бір-бірін вирустан қорғай алады. Ал қазір бізде вакцина алғанның өзінде масканы шешсе, ауру жұқтыру тәуекелі бар. Өйткені негізгі бөлігі вакцина алып біткен жоқ. Вакцина дегеніміз – вирус адамнан адамға жұққан кезде екпе алған адамнан ауру жұқтыру тізбегін үзетін құралы», - дейді министр. Алексей Цой күзге дейін халықтың 60 пайызы вакцина алса, қалыпты өмірге оралу мүмкін екенін айтты. «Вакцина алған адамның саны неғұрлым көп болса, вирустың таралу мүмкіндігі соғұрлым тарыла түседі. Сондықтан күзге дейін азаматтардың 60 пайызын вакцинамен қамтуға тырысамыз. Сонда ғана біз маска режимін кезең-кезеңмен ала бастаймыз. Отандастарымызды тегін вакцина алуға шақырамыз. Қазақстанның вакцинаны тегін ұсынып отырғаны да жетістік. Әйтпесе ақылы екпе салып жатқан елдер де бар», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы