Меню

Страницы

Статья

Ashyq қосымшасы вакцина паспортымен қалай біріктірілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq қосымшасының вакцина паспортымен қалай біріктірілетіні туралы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер сіз ПТР тест тапсырсаңыз үш күннен соң «жасыл» мәртебе шығады. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттік бас санитар дәрігердің ұсынған алгоритмі. Вакцинаға келсек, бүгінде техникалық жұмыс өз мәресіне жетіп қалды, жуырда дайын болады. Өздеріңіз білетіндей, денсаулық сақтау министрі 1 шілдеден бастап толықай көшетіні туралы айтты. Біз техникалық тұрғыдан әзір болғандықтан уақытты созбай іске қосуды ұсынғымыз келеді», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Болатбек Молдабеков. Бұған дейін аталған департамент басшысы, ел көлемінде 2,5 мыңнан астам адамнан Ashyq қосымшасы арқылы «қызыл» мәртебе анықталғанын мәлім еткен болатын. Сондай-ақ, министрлік өкілі Ashyq қосымшасында орын алған техникалық ақаудың себебін түсіндіріп, ендігі уақытта аталған жүйе қызметінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на берілгенін айтты.

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы