Меню

Страницы

Статья

Нидерланды коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттырып жатыр

ГААГА. ҚазАқпарат – Нидерланды коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Нидерландының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елде 8 миллионнан астам вакцина салынды. Олардың 5,5 млн дозасы жергілікті вакциналау орталықтарында жасалды. Тек өткен аптаның өзінде халыққа 1 миллионға жуық доза салынды. Қазіргі уақытта бір аптада бұл сан 2 миллионға дейін артуы тиіс. Бұл кезеңде вакцинация орталықтарына 53-54 жастағы тұрғындар шақырылады. Осы жас санатына 507 мың адам кіреді, олардың 425 мыңға жуығына вакцина әлі егілмеген. Жалпы, Нидерландыда коронавирус жұқтырғандар статистикасы төмендеуде: 21 мамырда күніне 4219 жаңа КВИ жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 433-ке аз. Осылайша, өткен аптада ауруға шалдығушылардың орташа саны алдыңғы жеті күндік кезеңдегі салыстырғанда тәулігіне 4367-ге дейін төмендеген. Өткен аптада бұл көрсеткіш 6202 болған.

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы