Меню

Страницы

Статья

«Спутник V» өндірушілері бізге жеңілдік жасайтын болды – Алесей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір дозасы 9,4 доллар болатын QazVac вакцинасы тұрғанда 26 долларлық «Спутник V»-ден неге бас тартпаймыз? Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық Youtube арнаға берген сұхбатында осы жайттың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уәжіңізбен келісемін. QazVac ерекше өндірістік жағдайды қажет ететіндіктен, айына 50 мың доза ғана алып отырмыз. Ал бізге халықтың көп бөлігін неғұрлым жылдам вакциналау керек. Зауыт іске қосылғанша айына 50 мың доза салып отырсақ, көп күтеміз. Бізге вакциналау науқанын барынша жылдам аяқтау керек. Бұл жердегі мәселе осыған ғана тіреліп тұр. Қазір біз үшін ең құнды нәрсе - уақыт. Әрине, күте тұрып, жыл соңында ғана бәріне QazVac егуге болады. Бірақ қазір вакиналап бітірмесек, күзде вирустың тағы бір толқыны келеді деген қауіп бар», - деді министр. Алексей Цой вирустың үшінші толқыны келсе, қайтадан экономика тоқтайтынын айтады. «Дәл қазір бәріміз вакцина алып, масканы шешетін күнге жетуіміз керек. Бүкіл әлем қазір мейілінше көп вакцина алып, халықты қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Бұған дейін Ресейден вакцинаның бір дозасын 26 долларға сатып алған болатынбыз. «Спутник V»-дің тағы 3 млн дозасын сатып алу туралы келісімшарт бар. Бірақ оның бағасы 21,9 доллар болады. Біз жеңілдік алдық. Қалған көлем осы бағамен әкелінеді», -деді Алексей Цой.

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы