Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімінің кандидаттарын тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 5 тармағы 1 тармақшасына сәйкес алынған құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешті:
Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркеу:
1. Әміржан Карімжанұлы Мажитов, 1965 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Жақсы ауданы Терісаққан ауылының тұрғыны.
2. Максим Владимирович Комаров, 1990 жылы туылған, Ешім орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Жақсы ауданы Ешім ауылының тұрғыны.