Меню

Страницы

Статья

SMART AQMOLA – цифрлық болашаққа сенімді қадам

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалинов Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы М.Балпанмен және Көкшетау қаласының әкімі Б.Ғайсамен бірлесіп, «SMART AQMOLA» мемлекеттік мекемесінің қызметімен танысты.

          SMART AQMOLA - біздің облыстың цифрландыру кеңсесі. Ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өңірдің түрлі салаларында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында құрылған.

          Мекеменің миссиясы - денсаулық сақтау, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, туризм, ауыл шаруашылығы, қоғамдық қауіпсіздік, халықты әлеуметтік қорғау, қала шаруашылығын басқару салаларында және басқа да бағыттарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңауқымды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын арттыру.

          Бүгінгі таңда Ақмола облысының өңірлік геоақпараттық жүйесі, Ақмола облысының виртуалды туры бар туристік геоақпараты, Ақмола облысының геоақпараттық порталы (тұрғын үй қоры) сияқты жобалар іске асырылуда. Мысалы, соңғы портал геодеректер мен геоақпараттардың үлкен көлемін, соның ішінде халық санағын жинауға, сақтауға, визуализациялауға, талдауға және өңдеуге арналған.

          Мекеме ғимаратында сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда қаламыздың әрбір азаматы электрондық үкімет порталынан өз бетінше қызмет ала алады.

          Сондай-ақ IKomek 109 тәуліктік анықтама қызметі енгізілді, онда күн сайын 150-ден астам өтініш келіп түседі.

Дата публикации
24 мая 2021
Дата обновления
24 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы