Меню

Страницы

Статья

Қор 2021 жылдың 1 тоқсанында пандемиямен күреске 71 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады – Болат Төкежанов

Қазақстандықтар коронавирустық инфекция және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды қаржыландыруға 71,6 млрд теңге бағыттады. ОКҚ өткен брифингте ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов осындай мәліметтерді жария етті.

«Қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен инфекцияның таралуының алдын алу үшін өте маңызды болып табылатын ПТР-зерттеулерге қолжетімділік қаншалықты артқанын атап өткім келеді. Егер өткен жылы шамамен 1,9 млн ПТР-тест жүргізілсе, биылғы жылдың алғашқы үш айында КВИ вирусын анықтауға 1,3 млн зерттеу қаржыландырылды. Мобильді бригадалардың шығуларына келетін болсақ, біз де айтарлықтай өсу динамикасын көріп отырмыз. Өткен жылы Қор 550 мың мобильді бригаданың шығуын қаржыландырды, биыл тек бірінші тоқсанда коронавирус белгілері бар пациенттерге жарты миллионнан астам шығу жүзеге асырылды», - деді Б.Төкежанов өз сөзінде. 

1 тоқсанның қорытындыларына тоқталған Қор басшысы ковидтік бюджеттің негізгі сомасы коронавируспен күресте жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге қарастырылғанына назар аударды. 

Болат Төкежановтың мәліметінше, қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд теңге сомасында үстемеақы, ақпанда 51,7 мың медицина қызметкері 13,8 млрд.теңге сомасында үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрайды. Осы үстемеақылардың арқасында инфекциялық стационарлардағы кейбір санаттағы дәрігерлердің жалақысы 1 млн теңгеге жетті.

 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1620818405

 

Дата публикации
17 мая 2021
Дата обновления
17 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы