Меню

Страницы

Статья

Дәрігерлердің айтқанын тыңдауымыз керек – Қазақстанның бас раввині

Қазақстанның бас раввині Ешая Коген коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация туралы ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, адамдар дәрігерлердің айтқанына құлақ асуы тиіс. «Денсаулық Құдайдан болатынын бәріміз білеміз. Бұл жауапкершілік дәрігерлерге түседі, Құдай солардың көмегімен адамдарды емдейді. Адам ем қабылдағанда, бұл оның өзіне Алла Тағаланың нығметінің арқасында келетінін түсінуі керек. Сондықтан дәрігерлерді тыңдауымыз қажет. Егер адам дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаса, тиісті ем мен дәрі-дәрмектерді қабылдамаса, онда ол Құдайдың өсиеттерін бұзады. Неге? Себебі денсаулықты күту – бәріміздің міндетіміз. Коронавирус – бүкіл әлемге тараған қорқынышты эпидемия. Бұл ауруға көптеген адам шалдықты. Өкінішке орай, біразынан айрылып қалдық. Коронавирусқа қарсы вакцина алу тек дәрігердің кеңесі емес. Вакцинаның арқасында бүкіл әлемде эпидемияның ақырындап беті қайтты. Оны көріп отырмыз», - деді Қазақстанның бас раввині Ешая Коген. Сонымен қатар, ол екпе алу кезінде дәрігерлердің жеке ұсыныстарын ескеру керектігін атап өтті. «Ия, вакцинаның жеке жағдайларға қатысты қарсы жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Бірақ денсаулығыңыз жақсы болса және қарсы көрсетілімдер болмаса, сіз дәрігерлерді тыңдауыңыз керек. Мен коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алдым. Барлығы жақсы өтті. Өзімді жақсы сезінемін», - деді ол. Спикер вакцинацияға оң қарау керектігін атап өтті. «Мәселен, қазір көптеген ата-ана діни сенімді алға тартып, балаларын вакциналаудан бас тартады. Оның дінге еш қатысы жоқ. Дінде кез келген мәселеде мамандарға жүгіну керектігі айтылады, бұл жағдайда денсаулық сақтау мамандарына, яғни дәрігерлерге. Оның үстіне вакцинациядан жақсы нәтиже көріп отырмыз. Ол – осы жасырын вирусқа қарсы тұру үшін зерттелген екпе. Адам өзін ғана емес, жақындары туралы да ойлауы керек. Пандемияға байланысты адамдар жұмысқа барып, отбасыларын асырай алмай отыр. Сондықтан біз достықты нығайтып, бір-бірімізге қамқор болуымыз керек», - деп нақтылады Ешая Коген.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/darigerlerdin-aytkanyn-tyndauymyz-kerek-kazakstannyn-bas-ravvini_a3787632

 

Дата публикации
17 мая 2021
Дата обновления
17 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы