Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің кандидаттарын тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 5 тармағы 1 тармақшасына сәйкес алынған құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешті:
Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкіміне кандидаттар ретінде тіркеу:
1. Бисейт Ақанұлы Жанәділов, 1962 жылы туылған, уақытша жұмыс істемейді, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны. 2. Қайрат Бабырұлы Жылқайдаров, 1984 жылы туылған, «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің азаматтық қорғаудың жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны.3. Әділхан Өмірбекұлы Қожмағамбетов, 1973 жылы туылған, уақытша жұмыс істемейді, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны.