Меню

Страницы

Статья

Өзбекстанда 1 миллионнан астам адам вакциналанды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы бері корнавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 миллионнан астам адам алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 6 мамырдағы мәліметтері бойынша елде 1 009 510 адам екпе салдырған, олардың 32 533-і вакцинаның екінші дозасын алған. Елдің өңірлері арасында вакциналау бойынша Ферғана облысы көш бастап тұр. Мұнда 128 838 адам егілген. Рейтингіде келесі орындарға 118 093 адам екпе салдырған Андинжан облысы, 108 560 тұрғыны вакциналанған Наманган облысы мен 99 736 азамат егілген Самарқан облысы жайғасқан. Еске сала кетейік, Өзбекстанда 1сәуірде екпе науқаны басталды. Тұрғындарды вакциналаумен қамту біртіндеп кеңейтілуде: сәуірде ірі қалаларда жүргізілсе, мамыр айында аудан орталықтары мен ірі қалаларда, ал маусымда – ауылдық жерлерде жалғасады. Вакциналау үш препарат – еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек тараптары бірлесіп шығарған ZF-UZ-VAC2001 және Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы арқылы жасалып жатыр. Үш айдың ішінде Өзбекстан 4 миллионнан астам адамға екпе салуды жоспарлап отыр.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/ozbekstanda-1-millionnan-astam-adam-vakcinalandy_a3785035

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы