Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтандағы тағы екі сауда үйінде вакцина егу пункттері ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы тағы екі сауда үйінде вакцина егетін пункттер ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 мамырдан бастап елордада тағы екі сауда үйінде қала тұрғындарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина еге бастайды. Вакцина егу орындарын «Артем» және «Әлем» ірі сауда нүктелері толықтырды. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қаланың халық көп шоғырланған аумағында орналасқан осы сауда үйлерінде вакцина егу орындарының ашылуы оң жағалау тұрғындарына вакцина алуға қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. «Жаңа пункттерде күту бөлмелері мен бақылау орындары ұйымдастырылды, вакцина алған адам міндетті түрде 30 минут бойы бақылауда болуы керек. Азаматтардан осы маңызды нәрсені ұмытпауды және вакцина алуға қатысты барлық талапты орындауды сұраймыз», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар. Еске сала кетейік, халықты вакцинамен кең қамту үшін Алтай қаласының әкімі Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакциналау пункттерінің санын үш есеге ұлғайтты. Бүгін елордада вакцина алу пункттері «Mega Silk Way», «Керуен», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза» және «Азия Парк» сауда орталықтарында ашылды. Демалыс күндері Үлкен Шанхай мен Орталық базарда вакцинация пункттері ұйымдастырылды.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/nur-sultandagy-tagy-eki-sauda-uyinde-vakcina-egu-punktteri-ashyldy_a3785475

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы