Меню

Страницы

Статья

Молдова президенті Майя Санду коронавирус вакцинасын салдырды

КИШИНЕВ. ҚазАқпарат – Бүгін Молдова Республикасының президенті Майя Сандуға COVID-19-ға қарсы Astra Zeneca вакцинасының бірінші дозасы салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОЛДПРЕСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен әлі вакцина алмаған Молдованың барлық азаматын жігерлендіргім келеді. Екпе салдыру өте маңызды. Көпшілігіміз осы пандемияда жақындарымыздан айырылдық, көбісі табысын, жалақысын, жұмысын жоғалтты. Көптеген адам өздерінің жақындарымен көрісе алмауда, достарымен және отбасымен бірге жинала алмай қиналып жүр. Осыған тоқтау қоюдың, осы пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакцинация», - деп атап өтті мемлекет басшысы вакцина ектіргеннен кейін. Сондай-ақ Майя Санду жақын арада елде вакцинаны салдырғысы келетін барлық адам үшін екпе қолжетімді болатынын айтты. Өткен аптада Sinopharm өндірісінің вакцинасының алғашқы дозасын премьер-министрдің міндетін атқарушы Аурелий Чокой салдырған болатын. Елдің Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнде Молдоваға COVID-19-ға қарсы вакцинаның 685 мыңға жуық дозасы келіп түскен. 6 мамырдағы жағдай бойынша елде екпенің бірінші дозасын 150 мыңға жуық адам салдырса, ал екінші дозасын 21 мыңнан астам адам алған. Бұл - халықтың бар-жоғы 4 пайызы.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/moldova-prezidenti-mayya-sandu-koronavirus-vakcinasyn-saldyrdy_a3785495

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы