Меню

Страницы

Статья

Беларусь коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасап шығарды

НҰР-СҰЛТАН. БЕЛТА-ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко журналистердің сұрағына жауап берген кезде елде коронавирусқа қарсы вакцина шығарылғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Беларусьтің өз вакцинасын шығару ниеті туралы мәлімдеген кезде бұл бастаманы сынағандар болғанын еске салды. «Кеше біз Беларусь вакцинасын түтікке салдық. Бұл қазіргі сатып алып жүрген вакцинаға қарағанда жақсы, әрі өзгеше. Дәрігерлер айтқандай, бұл - тірі вакцина», - деді Беларусь президенті. Ол бұл вирус өзгеріске ұшырағанда қалай болатынын көру керектігін, асығыстық жоқ екенін айтты. Александр Лукашенко қазіргі вакциналарда болашақта вирустың жаңа мутацияларына қарсы көмегі зор екеніне кепілдік жоқтығына назар аударды. «Қазіргі уақытта елімізде қолданылып жатқан вакциналар бар. Біз ресейлік технологиямен жасалған қытай вакцинасын сатып алдық. Ал ертең түтікте тұрған вакцинамызды өзімізде болатын штамға бейімдейміз. Қалай болатынын уақыт көрсетеді», - дейді ол.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/belarus-koronaviruska-karsy-oz-vakcinasyn-zhasap-shygardy_a3785523

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы