Меню

Страницы

Статья

Қытайда COVID-19-ға қарсы 300 млн доза вакцина егілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда жаңа коронавирус инфекциясына қарсы 300 млн доза вакцина егілді. Бұл туралы сенбі күні ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бейінді ведомствоның дерегінше, 2021 жылдың 7 мамырындағы жағдай бойынша 31 провинция (автономиялық аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) мен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында барлығы коронавирусқа қарсы вакцинаның 308 226 000 дозасы егілді. Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырудың 7 жаңа шетелден келген оқиғасы анықталды, қайтыс болғандар жоқ. Соңғы ресми деректерге сәйкес, құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырған 94,56% науқас жазылып шыққан. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші – 5,1% (коронавирустан 4 636 адам қайтыс болды).

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kytayda-covid-19-ga-karsy-300-mln-doza-vakcina-egildi_a3785690

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы