Меню

Страницы

Статья

Елордада жастар мен спортшылар вакцина салдыртты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында жастар мен спортшылар COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әрбір Қазақстан азаматы өзіміз үшін ғана емес жақындарымыз үшін де вакцина қабылдауымыз міндет. Өзгелердің де денсаулығына алаңдауымыз керек. Сол себепті жастардың көшбасшысы ретінде вакцинаны қабылдадым», - деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек. Ал кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі өз сөзінде қалың көпшілікке вакцина салдыруға кеңес беретінін айтты. «Менің жетекшілігіммен біраз адам спортпен айналысып жүр. Өз елімнің патриоты ретінде вакцинаны алғашқылардың бірі қабылдауым міндет. Вакцинаны жылдам қабылдадым. Қандай да бір ауыру байқалған жоқ. Бәріне вакцинациядан өтуге кеңес беремін», — деді кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі Василий Тахтай. Айта кетейік, жақында елордада Асхат Маемиров, Асылхан Төлепов бастаған елге белгілі бір топ өнер жұлдыздары вакцина қабылдаған болатын.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/elordada-zhastar-men-sportshylar-vakcina-saldyrtty_a3785754

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы