Меню

Страницы

Статья

Бас санитарлық дәрігер ел тұрғындарын коронавирус кең тараған елдерге бармауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеме жасап, ел тұрғындарын коронавирус кең тарап жатқан мемлекеттерге барудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. «Құрметті қазақстандықтар! Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы аса қолайсыз елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған барлықтарыңызға мәлімдеме жасағым келеді. Мен коронавирустық инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропаның, Латын Америкасының, оңтүстік-шығыс Азияның кейбір елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Аталған елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекордтық көрсеткіш күн сайын жаңаруда. Ғалымдар коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне аса қауіп төндіреді деп дабыл қағуда. Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екендігін ұмытпаңыз!»,-делінген мәлімдемеде.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bas-sanitarlyk-dariger-el-turgyndaryn-koronavirus-ken-taragan-elderge-barmauga-shakyrdy_a3782714

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы