Меню

Страницы

Статья

Абай Байгенжин: «Спутник V» ең табысты әзірлемелердің бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналардың қауіпсіз әрі тиімді екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз Мәскеуге арнайы барып, профессор Гинцбург басқаратын Н.Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығында болдық. Екі күн ішінде бізге «Спутник V» вакцинасының бүкіл тізбегі мен даму механизмі көрсетілді. Біз бұл вакцина кеңес дәуірінде жасалған ең сәтті әзірлемелердің бірі екеніне көз жеткіздік. Біз коронавирустың қандай қауіпті ауруы екенін жақсы білеміз. Онымен күресудің вакцинадан басқа балама жолы жоқ», - деді медицина ғылымдарының докторы. Ғалым вакцина ауру туғызбайтынын, өйткені ондағы вирус бөлшектері өлтірілген күйде болтанын клиникалық зерттеулер айқын көрсеткенін айтады. «Елордада вакциналау пунктерін қоғамдық орындарда орналастырып жатқанымыз өте дұрыс. Мұндай пандемия жағдайынан бәріміз бір бағытта ойлап, вакцина алсақ қана аман шыға аламыз. Құрметті қала тұрғындары, дәрігерлер, мен сіздердің әріптестеріңіздің бірі ретінде, елорда тұрғыны ретінде вакцинадан қорықпауға шақырамын», - деді Абай Байгенжин. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина егу алдында антиденелердің бар-жоғын анықтау қажеттілігіне қатысты пікір білдірген болатын.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/abay-baygenzhin-sputnik-v-en-tabysty-azirlemelerdin-biri_a3782573

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы