Меню

Страницы

Статья

Вакцина алмай тұрып антидененің бар-жоғын анықтау маңызды ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина егу алдында антиденелердің бар-жоғын анықтау қажеттілігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Вакцина алмай тұрып ағзада антидененің бар-жоғын тексеру керек пе? Қазір осындай сұрақ көп. Өндірушілерді бәрі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары аурудан кейін алты ай өткен болса, антидененің бар-жоғын тексерудің қажеті жоқ деген ұсыныс айтуда. Яғни, екпе алған жөн», - деді Тимур Мұратов әкімдікте өткен дөңгелек үстел барысында. Ол, сондай-ақ, антиденелердің тиімділігі туралы нақты мәліметтер жоқ екенін еске салды. «Антиденелерді анықтағаннан кейін қандай ұсыныстар беріледі? Әзірге нақты шешім жоқ және мұның бәрі вакцинаның пайдалы екенін көрсетеді. Мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде антиденелерді анықтауға және халықты адастырмауға тыйым салынғанын қосымша хабарлағым келеді», - деп толықтырды Тимур Мұратов. Сөз соңында қажет болған жағдайда антиденелердің болуына талдауды коммерциялық желінің кез-келген зертханасында тапсыруға болатындығын да айтты.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/vakcina-almay-turyp-antidenenin-bar-zhogyn-anyktau-manyzdy-ma_a3782544

 

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы