Меню

Страницы

Статья

«Спутник-V» вакцинасы неге тез әзірленді – маман пікірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина ғылымдарының докторы, иммунолог, профессор Павел Дерябин «Спутник-V» вакцинасының неге тез әзірленгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Шынымды айтсам, бір жыл бұрын пандемия басталған кезде, вакциналар бұдан да тезірек жасалады деп күткен едім. Себебі бүгінде ғалымдар бұрын-соңды болмаған, ең заманауи технологияларға ие. Мәселен, ресейлік «Спутник-V» векторлық вакцинасы алғашқылардың бірі болып тез жасалды деп айтады. Неліктен? Себебі бұл вакцина басқа вакциналарды жасауда қолданылған нәрселердің негізінде жасалған. Атап айтқанда, Эбола вирусына қарсы вакциналар. Бұл ауыр инфекция бізде де, Ресейде де таралған жоқ, инфекцияның тасымалдаушылары болған жоқ. Тиісінше, Эболаға қарсы вакцинаны жаппай өндіру, адамдарды жаппай вакциналау да қажет болмады. Сонымен, векторлық вакцина дегеніміз не? Бұл локомотивы мен қажетті жолаушылар тиелген вагондары бар паровоз секілді. Бұл паровоз баяғыда жасалған. Енді бұл локомотивке «S ақуызын» түзетін гендері бар жаңа вагон тіркелген. «S ақуызы» адам ағзасында пайда болғанда, оған қарсы антиденелер бөліне бастайды және иммундық реакция басталады. Осылайша, адам аталған вирустық инфекциядан қорғалады. Сондықтан вакциналар тез дайын болды», - деді дәрігер онлайн дәрісте. Оның айтуынша, қазақстандық вакциналар да үйреншікті технологиялар бойынша әзірленуде. Мұнда тірі қоздырғыш химиялық заттардың көмегімен «өлтіріледі», бірақ иммундық реакция тудыратын қабілеті ғана сақталады. Ауруды тудыратын қабілеті сақталмайды. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық орталығының ғалымдары тұмауға қарсы «өлтірілген» вакциналарды жасап көрген және бұл тәжірибе коронавирусқа қарсы вакцина алу кезінде қолданылды. Профессор коронавирусқа қарсы вакциналардың «жоқ жерден» жасалмайтынын және қазақстандық ғалымдар жаңа вакциналарды жасауға дайын екенін атап өтті. «Бүгінде коронавирусқа қарсы вакциналар әртүрлі технологиялар бойынша әзірленуде. Бірақ ешқандай вакцина тиісті сынақтардан өтпейінше қолдануға рұқсат берілмейді. Қазақстанда қолданылатын вакциналарға келсек, оларда теориялық тұрғыда адам ағзасына теріс әсер ету мүмкіндігі жоқ. Оның үстіне вакциналар қауіпсіздік үшін мұқият тексеріледі», - деді П. Дерябин.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sputnik-v-vakcinasy-nege-tez-azirlendi-maman-pikiri_a3782718

 

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы