Меню

Страницы

Статья

«Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

«Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

аналитикалық анықтама

 

Жақсы ауылы                                                                                 2021 ж. 01.03.

 

             2021 жылғы 1-2 наурыз аралығында Жақсы ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 01 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің 1 тармағы негізінде «Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ (бұдан әрі - мекеме) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

  1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

             2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды тексеру барысында, мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткендер-қабылданбаған, прокурорлық қадағалау актілері мекеме қатынастарына енгізілмеген.

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

             2021 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша штат саны 6 бірлікті құрайды, іс жүзінде 6 қызметкер жұмыс істейді, бос жұмыс орындары жоқ.

             Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.

            Талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің мекеме басшысымен үлестестігі жоқ. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) жоқ.

           Мемлекеттік қызмет көрсету.

           ҚР цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы тізіліміне сәйкес мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді.

           Ғимаратқа кіре берісте пандус орнатылмаған, шақыру түймесі жоқ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бейімделген санитарлық торап орнатылмаған.

             2.3. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау.

             2020 жылы және 2021 жылдың 2 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібін бұзу анықталған жоқ.

             Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеудің 2020-2021 жылдарға арналған папкалары, журналдары, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды тіркеу журналдары бар. 2020 жылы және 2021 жылдың 2 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібін бұзу түскен жоқ.

            Талдау нәтижелері бойынша ҰСЫНАМЫЗ:

  1. Пандус, шақыру түймесі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бейімделген санитарлық торап орнату.

          Қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты"» ММ-не 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде хабарлау қажет.

 

Жақсы ауданы әкімі

аппаратының басшысы                                                            О. Бочарникова

 

КЕЛІСІЛДІ:                                                                                   Қ. Жылқайдаров

                                                                                                       Т. Балацкая

                                                                                                       Д. Бектұрғанова

                                                                                                       Ұ. Жүсіпова

                                                                                                       Ю. Шарафутдинова

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы