Меню

Страницы

Статья

Қазақстандық вакцинаның артықшылықтары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария қазақстандық вакцинаның артықшылықтарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық вакцинаның параметрлері бойынша мынаны мәлімдеймін: вакцина сенімді, уақытша әзірлеу технологиясымен тексерілген. Ондағы барлық компоненттер соңғы 60 жыл ішінде зерттелген және қауіпсіз. Жаңа компонент – бұған дейін айтқанымыздай, SARS-CoV-2 вирусының өзі. Біздің технологиямыздағы вирус химиялық жолмен «өлтірілген» (инактивтендірілген). Иммундық реакцияны күшейту үшін оған адъювант (алюминий тұздары) қосылады», - деді К. Закария Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Спикер коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеудегі технологияның артықшылықтарын атады. «Вакцинаны әзірлеудегі инактивтендірілген технологияның артықшылығы –технология жылдар бойы тексерілген, барлық компоненттер сенімді және қауіпсіз. Олар вакцинамен байланысқан ауруларды тудырмайды және гуморальды, жасушалық иммунитетті сенімді түрде қоздырады. Айырықша ерекшеліктері – күрделі техниканы, күрделі тоңазытқыш қондырғыларды талап етпейтін жетілдірілген жеткізу әдістері бар және тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады», - деп түсіндірді ҒЗИ бас директоры. Сонымен бірге, К. Закария екі компонентпен егілгеннен кейінгі ағзадағы антиденелердің құрамы бойынша алдын ала деректерді баяндады. «Клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларының нәтижесі бойынша QazCOVID-in вакцинасын алған адамдарда бірінші вакцинадан кейін 2-ден 16-ға дейінгі титрде вирусты бейтараптандыратын антиденелердің пайда болуы байқалады. Екінші вакцинадан кейінгі деңгей тұрақты өсуде. Орташа геометриялық титр – 99,5. Осылайша, қазақстандық вакцинаның жоғары имунностимуляциялық белсенділігін көруге болады», - деді Күнсұлу Закария.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kazakstandyk-vakcinanyn-artykshylyktary-kanday_a3776303

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы