Меню

Страницы

Статья

Сәуірде қазақстандықтарға қандай вакциналар қолжетімді болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін 435 мың адам алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 435 мың азамат, екінші компонентпен – 107 мыңнан астам қазақстандық егілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Оның дерегінше, сәуір айының басынан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді. «Осы айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың «QazVac« вакцинасын жеткізу күтілуде. Бұл елдің шамамен 2 млн азаматына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді»,- деді Марат Шоранов.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/sauirde-kazakstandyktarga-kanday-vakcinalar-kolzhetimdi-bolady_a3776372

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы