Меню

Страницы

Статья

Вакцина дінге қайшы келмейді - Алматы мешітінің бас имамы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Вакцина оразаны бұзбайды. Бұл туралы Алматы қаласының орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада имамдар кезекпен вакцина салдырып жатыр. Бізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының вакцина туралы пәтуасы бар. Онда екпенің бұлшық етке енетін дәрі және оның қажет екендігі туралы айтылады. Сондықтан екпе оразаны бұзбайды», - деп түсіндірді имам. Жалпы, Алматыда түрлі діни бірлестіктердің өкілдері өздерін және жақындарын қауіпсіздендіру үшін ғана емес, сонымен қатар пандемиямен күресте Қазақстан халқының бірлігін көрсету үшін, сондай-ақ шіркеу келушілеріне вакцинациялануға болатынын ғана емес, сонымен қатар оның қажет шара екенін көрсету үшін вакцина салдыру қажет деп шешуде. «Екінші жыл қатарынан бүкіл әлем коронавирус пандемиясының салдарынан қатаң шектеулер режимінде өмір сүруде, одан Қазақстан да зардап шекті. Бүгінгі күні бұрынғы өмірге тез оралуға көмектесетін жалғыз құрал - вакцинация. Соңғы кездері бұл процедура дінге қайшы келеді деген көптеген аңыздар пайда болды, бірақ олай емес. Вакцинация ешқандай жолмен оразаны бұзбайды, өйткені сұйықтық (зат) қанға ас қорыту жүйесі арқылы енбейді. Вакцинация денсаулықты сақтауға және басқаларды қорғауға көмектеседі. Дін бұған қарсы келмейді», - деді Еркінбек Шоқай.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/vakcina-dinge-kayshy-kelmeydi-almaty-meshitinin-bas-imamy_a3777623

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы