Меню

Страницы

Статья

Ауыз бекіткен адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ала ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингіде қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай вакцина алу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды. «Қазір коронавиурс тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылғы жоқ»,-деді қаланың бас имамы. Е. Шоқай дәруменге жатпайтын, тек емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат берілгенін айтты. «Вакциналау инфекциялық аурулардың алдын алады және адамның иммунитетін көтереді. Вакцина дәрумен емес. Сол себепті екпе терінің астына, бұлшық етке немесе қан арқылы енгізілсе, ораза бұзылмайды», - деді Алматы мешітінің бас имамы. Сондай-ақ брифинг барысында ПТР тесттен өту оразаны бұзбайтыны да айтылды. Имамның айтуынша, тек ішке тамақ, не су қабылдағанда ғана бұзылады.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/auyz-bekitken-adam-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyra-ala-ma_a3775211

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы