Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысында коронавирусқа қарсы екпе алатындар санаты кеңейтілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаевтың коронавирус инфекцияның алдын алуға бағытталған жаңа қаулысы жарық көрді. Аталған құжатқа сәйкес, КВИ-ге қарсы вакцина алатын тұрғындар санаты кеңейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің медициналық персоналы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері; ұлттық халық санағын өткізу үшін педагогтер, интервьюерлер; учаскелік полицейлер, төтенше жағдайлар қызметінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, сот органдарының қызметкерлері; медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті және жабық балалар мекемелерінің персоналы; Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасының азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері вакцина алатындығы көрсетілген. Сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінің персоналы; әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының персоналы; студенттер, созылмалы ауруы бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі); 65 жастан асқандар; өндірістік кәсіпорындардың, фабрикалардың, акционерлік қоғамдардың, бизнес құрылымдардың және басқаларының қызметкерлері; консалтингтік компаниялардың, бірлестіктердің, кеңсе ұйымдарының, банк және қаржы құрылымдарының қызметкерлері; ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар) да екпе ала алады.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kostanay-oblysynda-koronaviruska-karsy-ekpe-alatyndar-sanaty-keneytildi_a3775359

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы