Меню

Страницы

Статья

Әзербайжандық дәрігер COVID-19-ға қарсы екпеден кейінгі кеңестермен бөлісті

БАКУ. ҚазАқпарат – Иммунизациядан кейін қандай ережерлерді ұстанып, денсаулықты қалай қорғау керектігі туралы кеңестермен Әзербайжанның Орталық кедендік госпиталі жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері Бейляр Иманов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19-ға қарсы екпе егілгеннен кейін алдын алу шараларын сақтау керек, атап айтқанда, бұқаралық іс-шараларға бармай, гигиена талаптарын орындап, медициналық маска тағып жүру қажет», - дейді дәрігер. Иманов екпе салынғаннан кейінгі алғашқы үш күн су процедураларынан бас тартқан жөн деген пікірде. Сонымен қоса денеге физикалық тұрғыда салмақ түсірмеу, алкогольді сусындардан міндетті түрде бас тарту керек. «Вакцинациядан кейін тамақтануға мән берген дұрыс. D витаминінің жетіспеушілігін болдырмай, ақуызы көп ет, балық және жұмыртқа өнімдерін жеу керек», - дейді дәрігер. Ал Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлігінің бас инфекционисті Тейар Эйвазов инфекцияға әлсіз қарсылық жасайтын ағзаның вакцинация жасалғанына қарамай, коронавирус жұқтыру қаупі бар екенін айтты. «Бұндай адамдарға вакцинация жүз пайыз әсер етпейді. Егер ағзадағы антиденелер аз болса, қайтадан вакцинация жасау керек», - деп санайды Тейар Эйвазов. Еске сала кетейік, бүгін Әзербайжанда 1 млн 200 мың тұрғын вакцинация алған. Бұл елдегі әрбір оныншы адам коронавирустан қорғалған дегенді білдіреді. Тағы 285 мың адам коронавируспен ауырып, инфекциядан табиғи түрде қорғалған. Соған қарамастан жұқтырып жатқандар саны азаяр емес, күніне 2 мыңнан аса коронавирус жұқтырғандар, 30-дан аса адамның қайтыс болғаны тіркеліп жатыр. Автор: С. Кошмағанбетов

https://www.coronavirus2020.kz/kz/azerbayzhandyk-dariger-covid-19-ga-karsy-ekpeden-keyingi-kenestermen-bolisti_a3775386

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы