Меню

Страницы

Статья

Алматыда медициналық ЖОО студенттері вакцина салуға көмектесуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы медициналық жоғары оқу орындарының студенттері коронавирусқа қарсы вакцинациялауға көмектесіп жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта вакцинация пункттерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны 1700 адамнан асады. «Өткен аптада медициналық ЖОО мен медициналық колледж студенттерін сонымен қатар, интерндер, резиденттер, бакалаврлар мен профессорлық-оқытушылық құрамын дайындадық. 700-ден астам студент вакцинацияға оқытылды. Бүгінде бұл студенттер сауда орталықтарында жұмыс істеп жатыр. Әрине, олар өз бетінше жұмыс жасамайды, тәжірибелі дәрігерлер мен тәжірибелі медбикелердің жетекшілігімен жұмыс істейді. Біздің резиденттерде дәрігер сертификаты бар. Олар дәрігерлер сияқты қабылдап, жұмыс істей алады. Мейірбике ісі бойынша сертификатталған интерндер тікелей вакцинация пунктінде жұмыс істейді және екпе салады», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева. Ал, мейірбикелік сертификаты жоқ қалған интерндер осы пункттерде үйлестіруші және азаматтардың мәліметтерін ақпараттық жүйеге енгізетін тіркеуші ретінде қатысады.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/almatyda-medicinalyk-zhoo-studentteri-vakcina-saluga-komektesude_a3775410

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы