Меню

Страницы

Статья

Аида Балаева: Вакцинация - вирусты жеңудің жалғыз жолы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл жайында ол «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Денсаулығыма ешқандай әсерін тигізген жоқ. Инені салған кезде ауыратыны бар, сәл ауырсыну болды. Медицина қызметкерлерінен жалпы нұсқаулық сұрап алдым. 2-3 күн денсаулығымды күтіп, суыққа шықпай, маска киіп жүру сынды сақтық шараларын орындайтын боламын. Енді 21 күннен кейін екінші компонентін аламын», - деді министр. Сонымен қатар ол «Спутник V» вакцинасын алғанын атап өтті. «Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатқаны белгілі. Оны күтпеу үшін бүгін ресейлік Спутник V вакцинасын салдырдым», - деді Аида Балаева. Ақпарат министрінің атап өтуінше, әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек. Өйткені, бұл оның ғана денсаулығының емес бүкіл қоғамның қауіпсіздігі. «Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, вакцинация - вирусты жеңудің жалғыз жолы. Вакцина салдырғаннан кейін де қауіпсіздік іс-шараларын ешкім де өзгертіп жібермегені түсінікті. Қалыпты өмірге оралуымыз, балаларымызды мектепке жібере алуымыз, жақындарымызбен кездесіп, отбасылық, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды өткізуіміз үшін ұжымдық иммуниеттің қалыптасуы өте маңызды»,- деді ол. Бағдарламаның толық видеосы мына сілтемеде.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/aida-balaeva-vakcinaciya-virusty-zhenudin-zhalgyz-zholy_a3775437

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы