Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысында 40 мыңға жуық адам вакцина алды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына ақпан айынан бері «Спутник V» вакцинасының 33 400 доза жеткізіліп, күні бүгінге дейін 33 400 адам 1 компонентті егілді. Екінші компонент 11 572 адамға салынды, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаевтың айтуынша, соңғы тәулікте облыста 27 адамнан COVID-19 індеті анықталған. Тәуліктік өсім 0,57 %. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 4 712 адам вирус жұқтырып, мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 10-ға дейін өсті. Коронавирус жұқтырған 300-ден аса науқас ауруханаға жатқызылса, екі адам жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. «Сәуір айының соңына дейін жалпы – 72 100 доза жеткізу жоспарланған. Вакцина сақтайтын қоймада көлемі 601 литр екі мұздатқыш жеткізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр 20 мұздатқыш алынған. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пункт толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек, вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литр 38 термоконтейнер толық қамтамасыз етілген», - дейді Райымбек Тасырбаев.

https://www.coronavirus2020.kz/ru/svyshe-33-tysyach-chelovek-vakcinirovali-v-turkestanskoy-oblasti_a3775474

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы