Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау қалай жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындарын коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерін ескергенде 600 мыңнан астам қала тұрғыны вакцинациялауға жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Вакцинация қаланың АМСК ұйымдарында алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі (ұйымдардың тізімі қаланың ҚДС сайтында көрсетілген) және «Mega Silk Way» СОО-да жасалады. Демалыс күндері қаланың ірі сауда орталығында сынақ режимінде дозаның бірінші компонентін оның қызметкерлері, яғни бутикті жалға алушылар, сатушылар және орталықтың қызметкерлері алды. Оның барысында 200-ден астам адам қамтылды. «Таңертеңнен бастап қала тұрғындары вакцинацияға дайын болды. Алдын ала жазылып, шақыруды күтіңіз. Біз жұрттың өз денсаулығына және өзгелерге жауапкершілікпен қарайтынына қуанамыз. Профилактикаға аса мән берілу керек», - деп атап өтті тиісті басқарма. Сондай-ақ, басқармада АМСК және СОО-да екпені тек елорда тұрғындары ғана емес, өңірлердің тұрғындары да ала алатынын мәлім етті. Басқа қаланың тұрғыны елордада екпе алып, 21 күннен кейін өз қаласында/облысында екінші дозасын қабылдай алады. «Басқарма қоймаларында вакцина қоры жеткілікті. Жаңа партия СК Фармация (Денсаулық сақтау министрлігі) тәртібіне сәйкес апта сайын келіп түседі», - деп хабарлады ведомство. Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пунктерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алдын ала жазылу бойынша egov мобильдік қосымшасы немесе емханалардың call-орталықтарына қоңырау шалу арқылы алуға болады. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы 30 мыңға жуық адам екпе қабылдады.

https://www.coronavirus2020.kz/ru/kak-prohodit-massovaya-vakcinaciya-protiv-koronavirusa-v-nur-sultane_a3775465

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
13 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы