Подгорное ауылының 2021-2023
жылдарға арналған
Азаматтық бюджеті
Бөлім 1. Бюджетті жоспарлау және бекіту
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті ҚР Бюджет кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне, Жер кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жоспарланған.
1.1 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
"2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы Заңымен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:
1) жалақының ең төмен мөлшері-42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 18524 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-43272 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34302 теңге.
1.2 Подгорное ауылы бюджетінің түсімдері мен шығыстары
Ауыл бюджетінің меншікті кірістері 2021 жылы – 977,0 мың теңгені, 2022 жылы – 1008,0 мың теңгені, 2023 жылы-1018,0 мың теңгені құрайды.
мың. тенге
|
Түсімдер |
2021 жылы (жоспар) |
2022 жылы (жоспар) |
2023 жылы (жоспар) |
|
Барлығы: кірістер |
12511,7 |
9619,0 |
9678,0 |
|
Салықтық түсімдер, оның ішінде: |
977,0 |
1008,0 |
1018,0 |
|
Табыс салығы |
|||
|
Мүлікке салынатын салықтар |
23,0 |
23,0 |
23,0 |
|
Жер салығы |
41,0 |
41,0 |
41,0 |
|
Көлік құралдарына салынатын салық |
913,0 |
944,0 |
954,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімдері |
11534,7 |
8611,0 |
8660,0 |
2021-2023 жылдарға арналған шығыстар функционалдық топтар мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жалпы көлемі 30481 мың теңге (2021 жылы – 11184,0 мың теңге, 2022 жылы – 9619,0 мың теңге, 2023 жылы-9678,0 мың теңге) көзделген.
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті
мың. тенге
|
Функционалдық топтар бойынша |
2021 жылы |
2022 жылы |
2023 жылы |
|
Барлығы |
1211,7 |
9619,0 |
9678,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
9559,0 |
8611,0 |
8660,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2952,7 |
1008,0 |
1018,0 |
Тұтастай алғанда, 2021 жылға арналған шығыстардың жалпы көлемінен бюджет шығыстары (пайыздық қатынаста): 11,4 % -өз қаражаты, 89,6 %- трансферттер
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтер саласындағы бюджет шығыстары жергілікті атқарушы органды ұстауға бағытталатын болады.
2021-2023 жылдарға арналған "жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" саласына арналған шығыстар
мың тенге
|
Атауы |
2021 жылы |
2022 жылы |
2023 жылы |
|
Барлығы |
9559,0 |
8611,0 |
8660,0 |
|
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты |
9559,0 |
8611,0 |
8660,0 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
З Ауылдық округ бюджетінің қаражаты есебінен Подгорное ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша іс-шаралар көзделген.
Жасыл желектердің жағдайын жақсарту, ауылды абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу, қарды жинау және жою.
Подгорное ауылының аумағынан қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару.
Жалпы бұл салаға 2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінде 2952,7 мың теңге қарастырылған
Осы салаға 2021-2023 жылдарға арналған шығыстар
мың тенге
|
Атауы |
2021 жылы |
2022 жылы |
2023 жылы |
|
Барлығы |
2952,7 |
1008,0 |
1018,0 |
|
Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру |
1119,4 |
||
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
500,0 |
|
|
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
1333,3 |
1008,0 |
1018,0 |
2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде көзделген іс-шаралар барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге және ауылды одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.