Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілерге шешендік өнер үйретілуде

Сөйлеу мәдениетін дамыту, халықпен тиімді қарым-қатынас орната білу мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше маңызға ие, өйткені олардың жұмысы халыққа қызмет етуді, азаматтардың түрлі мәселелерін шешуді, заңнаманың белгілі бір нормаларын дұрыс және түсінікті етіп түсіндіруді көздейді. Кеңауқымды және инновациялық жобаларды іске асырудың түпкі нәтижесі көбінесе тиімді коммуникацияға байланысты болады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері үшін шешендік өнерді дамыту тақырыбында интерактивті пікірталас ұйымдастырылды.

Спикер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Б.Газдиева қатысты. Б.Газдиева өз сөзінде жұртшылық алдында сөз сөйлеу қорқынышымен күресудің тәсілдеріне назар аударды. Спикердің айтуынша, көпшілік алдында сөйлеудегі ең басты қасиеттер – күрделі нәрсені қарапайым сөздермен айта білу, ақпаратты дұрыс ұсына білу, аудиториямен тығыз байланыс орната білу. Сондай-ақ, ол кез келген баяндамаға дұрыс дайындалу, оның ішінде баяндаманы сауатты жазу және құрылымдау қажеттігі туралы хабардар етті. Өз сөзін спикер қызықты көрнекіліктермен және бейнероликтермен, сонымен қатар жеке тәжірибесіндегі жарқын мысалдармен сүйемелдеді.

Іс-шараға қатысушылар кәсіби қызметте қолдануға жарамды болатын пайдалы әрі өзекті ақпаратқа ие болды.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы