Меню

Страницы

Статья

САПАСЫЗ МЕМСАРАПТАМА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТІРКЕУГЕ ӘКЕП СОҚТЫРДЫ

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы негізінде енгізілген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсынудың шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік өңірі бойынша филиалының басшылығымен онлайн-кездесу барысында мамандардың құрылыс саласында ведомстводан тыс сараптаманы тиісінше жүргізбеу фактісі бойынша ақпарат жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік ведомство басшылығы жобаның ведомстводан тыс сараптамасын сапалы жүргізу құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы жүргізудің және бюджет қаражатын ұтымды пайдаланудың кепілі болып табылатынын атап өтті.

Алайда, тергеу барысында бірқатар жағдайларда сарапшылар мен жобалау ұйымдары тарапынан бұзушылықтар мен қателер анықталады, бұл көбінесе құрылыс объектілеріне байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал етеді. Қаскүнемдер ақша қаражатын жымқыру мақсатында жұмыстар мен материалдардың құнын көтеру арқылы жобалау-сметалық құжаттаманы әдейі бұрмалайтын жағдайлар жиі кездеседі.

Осыған байланысты, Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев филиал өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық новеллаларды түсіндіріп, сараптама жүргізу сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік таныту қажеттігін атап өтті.

«Мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, сіздердің ұжымдарыңызда тиісті түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, өйткені қылмыстық тергеудің одан әрі барысы сарапшының сауатты жұмысына байланысты. Сондай - ақ, әрқайсысын өз ісінде жоғары кәсібилікті, объективтілікті және сатылмаушылықты ұстануға шақырамын», - деді ол.

Дата публикации
12 марта 2021
Дата обновления
12 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы