2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Жақсы ауданының Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» ММ жұмысы туралы
ЕСЕП
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұл - мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісі болып саналады. Елбасы Н. Назарбаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашық және бәріне бірдей қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың алдындағы маңызды тапсырмалардың бірі екенін тегін айтпаған.
«Жақсы ауданының Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызмет көрсету Тізіміне сәйкес жеті түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2020 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша жүгінгендер болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданының Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және стандарттары мен ережелер негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңын басшылыққа алады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі қызметінің сапасын арттыруға аса назар аударылады. Ол үшін әкім аппаратында мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «еgov» бұрышы жабдықталған.
- Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау-1
Терісаққан ауыл әкімдігінде электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы келушілер үшін ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ілінген стенд бар. Сондай-ақ Жақсы ауданы әкімінің сайты арқылы ақпарат тарату жолымен, әлеуметтік желілерден үнемі таратылатын мақалалар жазылған жергілікті БАҚ арқылы халыққа мәліметтер таратылады.
Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163533383, электронды мекен-жай: jaqsy_tersakan@aqmola.gov.kz