Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Тарасов ауылдық октугі әкімінің жұмысы туралы ЕСЕП

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Тарасов ауылдық октугі әкімінің жұмысы туралы

ЕСЕП

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұл – мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісі болып саналады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашық және бәріне бірдей қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың алдындағы маңызды тапсырмалардың бірі екендігі тегін айтылмаған.

Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету Тізіміне сәйкес сегіз түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

 «Мектепке дейінгі  ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) кезекке қою»,

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»,

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,

 «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»,

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»,

 «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

«Шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - мемкорпорация арқылы 14 қызмет,

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - ММБ «Е-лецинзирование» арқылы 1 қызмет

Басқа қызметтер бойынша хабарласқандар жоқ.

 Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты бойынша заң бұзушылықтар болған жоқ. Мемқызмет көрсету бойынша «Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шағымдар түскен жоқ. Ауылдық округтің маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сертификаты бар.

Барлық мемлекеттік қызметтер мемкорпорация және ММБ «Е-лецинзирование» арқылы электронды және қағаз түрінде тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақтан Республикасының Конституциясына және стандарттары мен регламенттері негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі қызметтің сапасын арттыруға баса назар аударылады. Ол үшін әкім аппаратында мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «Egov» бұрышы жабдықталған. «Электронда үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында жаднамалар мен ескерту кітапшалары таратылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Тарасов ауылдық окургінде электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы келушілер үшін ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ілінген стенд бар. Сондайақ Жақсы ауданы әкімінің сайты арқылы ақпарат тарату жолымен, үнемі таратылатын мақалалар жазылған жергілікті БАҚ арқылы халыққа мәліметтер таратылады.

Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163531705, электронды мекен-жай: jaqsy_tarasov@aqmola.gov.kz.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы