2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Подгорное ауылы әкімінің жұмысы туралы
ЕСЕП
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұл - мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспетісі болып саналады.
Подгорное ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету Тізіміне сәйкес алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты бойынша заң бұзушылықтар болған жоқ. Мемқызмет көрсету бойынша «Жақсы ауданының Подгорное ауылы әкімінің аппараты» ММ шағымдар түскен жоқ. Ауыл әкімі мен маманының Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттары бар.
Қызмет электрондық үкімет порталы арқылы, электрондық түрде, тегін негізде көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданының Подгорное ауылы әкімінің аппараты» ММ Қазақтан Республикасының Конституциясына және стандарттары мен ережелер негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі қызметтің сапасын арттыруға баса назар аударылады. Ол үшін әкім аппаратында мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «E-gov» бұрышы жабдықталған. 2020 жылы "E-gov" бұрышы арқылы 45 қызмет алынды. «Электронда үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында жаднамалар мен ескерту кітапшалары таратылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Подгорное ауылы электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы келушілер үшін ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ілінген стенд бар. Сондай-ақ, ақпарат халыққа әлеуметтік желілер, аудандық газет арқылы жеткізіледі, онда мақалалар мен посттар үнемі орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163598200, электронды мекен-жай: jaqsy_podgornoe@aqmola.gov.kz.