2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы
ЕСЕП
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұл - мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісі болып саналады. Елбасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашық және бәріне бірдей қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың алдындағы маңызды тапсырмалардың бірі екенін тегін айтпаған.
Жаңа Қима ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету Тізіміне сәйкес сегіз түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
Басқа мемлекеттік қызметтер бойынша жүгінгендер болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік корпорация арқылы және тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және стандарттары негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі сапасын арттыруға аса назар аударылады.
Жаңа Қима ауылдық округінде мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «Еgov» бұрышы бар. «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында жадынамалар таратылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық округ тұрғындары ЭЦҚ болған жағдайда әрқашан түрлі мемлекеттік қызметтер алуға, сұрауға мүмкіндіктері бар. Мамандар мемлекеттік қызмет алушыларға практикалық көмек көрсетуге дайын. 2020 жылы қызметті алушылар өздігінен «Еgov» бұрышы арқылы 60 әр түрлі анықтамалар алды. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттау мақсатында аудандық «Жақсы жаршысы» газетіне мақала жарияланады, жадынамалар мен кітапшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары берілген ақпараттық тақтасы бар.
Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163551500, электронды мекен-жай: Janakima_akimat@mail.ru