Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Киев ауылы әкімінің жұмысы туралы ЕСЕП

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Киев ауылы әкімінің жұмысы туралы

ЕСЕП

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұл - мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспетісі болып саналады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашық және бәріне бірдей қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың алдындағы маңызды тапсырмалардың бірі екенін тегін айтпаған.

Киев ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету Тізіміне сәйкес бес түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлен не бөлін төлеу сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

2020 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша 4 өтініш түсті.

Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты бойынша заң бұзушылықтар болған жоқ. Мемқызмет көрсету бойынша «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ шағымдар түскен жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдар арқылы қазағаз түрінде және тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ Қазақтан Республикасының Конституциясына және стандарттары негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі қызметтің сапасын арттыруға баса назар аударылады. Ол үшін әкім аппаратында мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «Egov» бұрышы жабдықталған. «Электронда үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында жаднамалар мен ескерту кітапшалары таратылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Киев ауылы электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы келушілер үшін ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ілінген стенд бар. Сондайақ Жақсы ауданы әкімінің сайты арқылы ақпарат тарату жолымен, үнемі таратылатын мақалалар жазылған жергілікті БАҚ арқылы халыққа мәліметтер таратылады.

Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163597132, электронды мекен-жай: jaqsy_kievskoe@aqmola.gov.kz

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы