Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есебі

 

Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің

2020 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

жөніндегі қызметі туралы есебі

 

«Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді:

1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»,

2.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»,

3."Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»,

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
  2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»,

6.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)»,

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»,
  2. «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату».

Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы тегін көрсетіледі. "Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген Стандарттарға сәйкес 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

2020 жылы ауылдық округте 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 10 қызмет;

  «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"бойынша - 12 қызмет.

Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, 82 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

 «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру» - 3

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» - 3

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» - 3

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» - 3

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» - 1

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» - 20

«Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» - 10

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» - 7

«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу» - 7

«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» - 14

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» - 8

«Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» - 3

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат Ешім ауылдық округі әкімінің аппаратында ақпараттық стендінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетуінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытына 2020 жылда Ешім ауылдық округі әкімінің аппарат құқықтық түсіндіру іс-шаралар процесі өткізді.

2020 жылдың 1 қантарынан 31 желтоқсанына дейін «Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тұтынушылардаң шағымдар келіп тускен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қоғамдық мониторингі 2020 жылы жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер төмендегі негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

  1. әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты кемсітушіліксіз бенефициарларға қызметтерге тең қол жеткізу;
  2. мемлекеттік қызмет көрсетуде бюрократияның көріністеріне және қызыл таспаға жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтерді көрсетуде есеп беру және ашықтық;
  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үнемі жетілдіру;
  6. экономика және мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігі.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен ескертулер 8 (71635) 33240 телефон бойынша қабылданады.

 

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы