2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімінің жұмысы туралы
ЕСЕП
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамды тарту мүмкіндіктері айтарлықтай өсті. Біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жария талқылауға қатысу мүмкіндігі бар. Екіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуге болады. Үшіншіден, мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептерін жария талқылауға қатысу.
Белағаш ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жеті Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Аудандық "Жақсы жаршысы"газетінде Мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде бір мақала жарияланды.
"Электрондық үкімет" порталы арқылы "жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің үлес салмағын арттыру туралы қойылған міндетті орындау үшін әкімдік мамандарымен Жеке қосалқы шаруашылық бойынша электрондық тізілім үнемі жаңартылып отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ. "Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" ММ-не мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде, тегін негізде көрсетілді. "Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттерді 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Ол үшін әкім аппаратында қызмет алушылармен мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алу үшін "E-gov" бұрышы жабдықталған. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында жадынамалар мен кітапшалар таратылады, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ауыл әкімдігінде "Ego-v" бұрышы жұмыс істейді, онда ауыл тұрғындары ЭЦҚ-мен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2020 жылы "Едо-v" бұрышы арқылы 51 қызмет берілді,
берілді:
5-медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу;
6-соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
5-Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
2-тууды және туу туралы куәлікті алуды тіркеу;
2-өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамалар;
1-жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
1-қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
1-бала тууға жәрдемақы және (немесе) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем жәрдемақысын тағайындау;
1-Мұрағаттық анықтама;
6-жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;
3-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама алу;
1-туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру;
3-наркологиялық ұйымда есепте тұрғаны / тұрмағаны туралы анықтама беру;
1-зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу;
8-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) жай-күйі (инвестициялық кірісті ескере отырып) туралы ақпарат беру;
5-жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықты) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама
"Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған стенділер ресімделді. Сондай-ақ, халыққа Жақсы ауданы әкімінің сайты арқылы мақалалар тұрақты жарияланатын жергілікті БАҚ арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163593295, электрондық мекен-жайы jaqsy_belagash@aqmola.gov.kz