Есеп
«Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі»
2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша.
«Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді. 2020 жылы мемлекеттік мекеме 289 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - 94;
- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - 0;
- «Эскиздік жобаны келісуден өткізу» - 0;
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - 159;
- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - 19;
- «Эскиздік жобаны келісуден өткізу» - 17;
2020 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызмет алушылардан "Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ. Стандарттар жүйесі тиісті нормативтік-құқықтық базаға негізделеді.
Әрбір стандарт Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен сапасын регламенттейтін салалық тиесілілігіне қарамастан, қызметтерді жеткізушілердің тұтынушылармен өзара қарым-қатынасын айқындайтын мынадай аспектілерді көрсетуі тиіс:
- көрсетілетін қызметтің құрамы мен мазмұнын нақты және анық тұжырымдау;
- соңғы нәтиже немесе қызмет көрсету нысаны;
- салыстырып тексеру үшін құжаттардың толық пакетін түпнұсқалар мен көшірмелерде ұсынуды қоса алғанда, қызметті тұтынушы орындауға тиіс (немесе олар сәйкес келуге тиіс) шарттарды қоса алғанда, қызметті ұсынудың белгіленген тәртібі (рәсімі).
Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік - құқықтық жетілдіру жария талқылаулар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстелдер өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер үлгілері, регламенттері, стандарттары бар ақпараттық стенд бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) шынайылық;
Барлық сұрақтар бойынша Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14, телефон: 87163521880, 87163521056, электрондық мекен-жайға хабарласуға болады otdel_stroy_21@mail.ru, jaqsy_arh@aqmola.gov.kz