Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша іс қызметі туралы есебі

Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің

2020 жылғы мемлекеттік  қызмет көрсету сұрақтары бойынша

іс қызметі туралы есебі

 

         Жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапасын көтеру, бұл мемлекеттік органдардың тиімді қызметінің маңызды аспектісі болып табылады. Мемлекет басшысы К-Ж. К.Токаев, мемлекеттік органдар алдында тұрған басым міндеттердің бірі, ол мемлекеттік қызметтің барлық қызмет алушылар үшін ашық және тең қолжетімділігі деп есептейді.

Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа

дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

  1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру

ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін

мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  1. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату;
  2. Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату;
  3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

 

2020 жылы «Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемесі 12 қызмет көрсетті, оның ішінде:

-Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру

ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну- 12 қызмет түрі балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне  тасымалдауды ұйымдастыру туралы тегін анытама беру;

Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен бекітілген стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат Қызылсай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендтерде орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу болған жоқ. «Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік орган арқылы көрсетілді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Жақсы аудандық бөлімі қағаз форматта, тегін негізде.

«Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген Стандарттарға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 15.04.2013 жылғы № 88 - V ҚР Заңын басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін Кировское а.әкімдігінде веб - портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету E gov пункті ашылды. Ауылдық округ тұрғындары ЭСҚ болған жағдайда әрқашанда әр түрлі мемлекеттік қызметтерді ала алады. Мамандар мемлекеттік қызметті алуда практикалық көмек көрсетуге дайын. 2020 жылы қызмет алушылар портал арқылы өз бетінше 71 түрлі анықтама алды. Ақпараттандыру мақсатында аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде Мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мақала жарияланды, жадынамалар мен брошюралар таратылды, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ММ жанында ақпараттық стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы алуға болады:

байланыс телефондары: 8 (716-35)  93-3-71,  8 (716-35) 79-1-07,

электрондық мекен-жайы: jaqsy_qyzylsai@aqmola.gov.kz

 kyzylsaiskii@mail.ru

 Мемлекеттік органның жұмыс уақыты:   9.00 -18.30 сағат,  түскі асқа үзіліс: 13.00 -14.30, демалыс: сенбі, жексенбі.

Есеп

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы