«Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппарты» мм 2020 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
ЕСЕБІ
«Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 8 түр мемлекеттік қызметің көрсетеді: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну», «Сауда-сатықты (конкурстарды, аукционарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Балаларды мектепке дейінгі ұйымға жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) кезекке қою», « Жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату», «Жер учаскесiнiң алуына ретке қою», «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру».
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. "Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты" мм мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттерді, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады
2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" бойынша-6 қызмет.
- "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"- 32 қызметтер
Қалған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзуға жол берілген жоқ. "Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты" мм мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік корпорация арқылы тегін көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Халыққа ыңғайлы болу үшін Беловод ауылдық округінің әкімдігінің ғимаратында веб - портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Ауылдық округ тұрғындары ЭСҚ болған жағдайда әрқашанда әр түрлі мемлекеттік қызметтерді ала алады. Мамандар мемлекеттік қызметті алуда практикалық көмек көрсетуге дайын. 2020 жылы қызмет алушылар "еgov" бұрыштары арқылы 35 түрлі анықтама алды. Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында аудандық "жақсы хабаршысы" газетінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мақалалар жарияланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ММ жанында ақпараттық стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163594800, электрондық мекен-жайы jaqsy_belovod@aqmola.gov.kz