Қазақстан Республикасының
экономика және
бюджеттік жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 193
бұйрығына
қосымша 2
Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының
2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызметі туралы есеп
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі — есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарының, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер енгізілген.
Жақсы ауданында 53 мемлекеттік орган қызмет көрсетеді (аудандық және ауылдық әкім аппараттары – 15, дербес бөлімдер – 7, ведомстволық бағынысты ұйымдар - 1, мектептер – 21, балабақшалар – 6, қосымша білім беру ұйымдары – 3).
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік қызметтердің 85 түрін көрсетеді.
2020 жылы Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 9133 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 979, электрондық үкімет веб - порталы арқылы - 2926, мемлекеттік орган арқылы: қағаз нысанда - 904, көрсетілетін қызметті берушінің жүйесі арқылы электрондық түрде-4321, Е - Лицензиялау МДҚ арқылы-3.
Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға 73 қызмет тегін, 12 қызмет ақылы көрсетіледі.
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер неғұрлым сұранысқа ие:
Жүргізілген талдау негізінде 2020 жылы ветеринария саласындағы («ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып сәйкестендіруді жүргізу»), жұмыспен қамту саласындағы («жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету») көрсетілетін қызметтер неғұрлым сұранысқа ие болды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында көрнекі ақпараты бар стендтер орналастырылған (стандарттар, өтініштер үлгілері). Барлық қызметтер бойынша түсіндірмені «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу бойынша жұмыс жүргізілді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Аудан бойынша барлығы 43 «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Ауданда «сервистік әкімдік» өз жұмысын жүзеге асыруда, оның құрамына әлеуметтік қорғау, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ТКШ қызметкерлері кірді. Мамандар сізді қызықтыратын мәселелер бойынша азаматтарды ашық форматта қабылдайды.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.
Білім беру, экономика, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы Жақсы ауданының «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен» 5 дөңгелек үстел өткізілді. Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтердің 84 мақаласы жарияланды. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мемлекеттік қызметтерден 17 мақала жарияланды. «Адалдық алаңы» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен 27 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша оқыту семинары өткізілді. Қызмет көрсетушілердің 110 қызметкері онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы техникалық оқытудан өтті.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттырудан мемлекеттік мекемелердің 5 маманы өтті.
1) 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
2) Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 4 бақылау іс-шарасы өткізілді («Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Жақсы ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» КММ, «Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу;
- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Барлық сұрақтар бойынша мына zhaksy_usl@aqmola.gov.kz электронды мекен-жайға, сондай-ақ 8(71635)21461 телефон арқылы хабарласуға болады.