Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсіміндегі он басым міндерінің бірі-сыбайлас жемқорлықты жою екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін ауру, бұл қоғамдағы өзара сенімге және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс.
Құқық бұзушылықтарды болдырмау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары медиа-жоспар шеңберінде білім беру және ақпараттық – насихаттау сипатындағы шаралар кешені арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.
Ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта баннерлер орналастырылады.
Мемлекеттік органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітілді және аудан әкімінің сайтында орналастырылды.
2020 жылы ауданның мемлекеттік мекемелерінің еңбек ұжымдарында 19 ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысын жүзеге асырады, онда ауданның атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті тақырыптары қаралады.
Ауданның мемлекеттік органдарында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі. 2019 және 2020 жылдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 16 мемлекеттік мекемеде жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша оларды жою бойынша ұсыныстар беріледі.
«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуінің оң тәжірибесі жалғастырылуда, сенім телефондарының нөмірлері аудандық газетте кезең-кезеңімен жарияланады.
«Сервистік әкімдік» фронт-кеңсесі құрылды, онда сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің мамандарымен халыққа консультативтік көмек, электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге көмек көрсетіледі.
«Сервистік әкімдік» алаңында алдын ала хабарлаумен «ADAL-KÓMEK» жобасы шеңберінде 75 тікелей консультативтік эфир өткізілді, сондай – ақ 12 бейнеролик түсірілді. «Antikor.Live» бағдарламасында мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың қызметі және басқа да мәселелер бойынша 7 тікелей эфир ұйымдастырылды.
Халықпен ашық диалог құру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет туралы азаматтарды ақпараттандыру мақсатында ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-ағартушылық штаб 2020 жылдың 16 наурызынан бастап өз жұмысын жүзеге асыруда.
Жергілікті атқарушы органдар барлығы 85 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтердің 70 пайызы ЕГОВ порталы арқылы көрсетіледі, бұл мемлекеттік қызметшілер мен қызметтерді тұтынушылар арасындағы жеке қарым-қатынасты жояды және өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.
Барлық қабылданған нормативтік-құқықтық актілер аудан әкімінің сайтында жарияланады.
Тұрақты негізде «Ашық бюджеттер» интерактивті картасында жұмыстар жүргізіледі, онда ұйымдарды ұстауға көзделген қаражат сомалары туралы, 2020 жылы іске асырылған (іске асырылатын): жолдарды жөндеу, объектілерді салу және т. б. жобалар туралы деректер жарияланады.
Бүгінде ішкі мемлекеттік құжаттарға қолжетімділік ашық.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері тұрақты бақылауда.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет пен қоғамның аса маңызды міндеті екенін атап өткім келеді. Біздің республикамыздың әрбір азаматы Қазақстанда парақорлық пен параға сатып алу фактілеріне қарсы тұруда қоғамның белсенді ұстанымына ие болуға тиіс.