Жақсы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы __ қарашадағы
№ _____ қаулысымен бекітілді
Жақсы ауданында 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған
іс-шаралар Жоспары
|
№ р/б |
Іс-шараның атауы |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл |
||||
|
1 |
Мемлекеттік қызметтегі мүдделер мен шектеулердің қақтығысы мәселелері бойынша талаптардың сақталуына, мүдделер қақтығыстарының, әдепсіздіктер мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылартардың алдын алу мен реттеу бойынша мониторинг жүргізу |
Жартыжылдық бойынша ақпарат |
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімі, «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі |
|
|
2 |
Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
Тоқсан сайын |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі |
|
|
3 |
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына арналған медиа-жоспарға сәйкес мемлекеттік органдардың қызметі туралы мақалаларды аудандық БАҚ-да және Жақсы ауданы әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз ету |
Жыл сайын |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар |
|
|
4 |
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырыстарында қызметінің саласы сыбайлас жемқорлық тұрғысынан осал болып табылатын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау |
Жартыжылдықта 1 рет |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі (жинақтау), ауыл және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер, мүдделі мемлекеттік органдар |
|
|
Қоғамдық бақылау институтын енгізу |
||||
|
5 |
Орта білім беру ұйымдарының басшылары оқушылардың ата-аналар ұжымдары алдында есеп беруін, соның ішінде орта білім беру ұйымын қаржыландыруға бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы бойынша есеп беруін өткізу |
Оқу жылында 2 рет (қараша, сәуір) |
«Жақсы ауданының білім беру бөлімі» ММ |
|
|
6 |
ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру |
Бөлінген қаржыға сәйкес, жыл сайын наурызда |
«Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ |
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру |
||||
|
7 |
Елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы (баннерді, оның ішінде билбордтарды) көзбен шолып қабылдауға қолжетімді етіп орнату |
Бөлінген қаржыға сәйкес |
Ауыл және ауылдық округ әкімдері |
|
|
8 |
Жастар ұйымдарын тарта отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту |
15 қыркүйекке дейін |
«Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ |
|
|
9 |
Мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің сұхбаттарын қарастыра отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, теледидар хабарларына және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-тарда ақпараттық-насихаттау жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру |
Тоқсан сайын |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі, «Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ |
|
|
10 |
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік жиындарын өткізу |
Жыл сайын (қараша) |
«Жақсы ауданының білім беру бөлімі» ММ |
|
|
Стратегияны жүзеге асыру мониторингі және бағалау |
||||
|
11 |
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуын арнайы мониторинг тобымен (АМТ) сыртқы талдауды және бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету |
Жартыжылдықтың қортындысы бойынша |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі, АМТ |
|
|
12 |
Халықтың тарапынан сыртқы баға алу және қоғамдық пікірді ескеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-тарда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау |
Жыл сайын жылдың қортындысы бойынша, 15 ақпанға дейін |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі |
|
|
«Көлеңкелі экономикаға қасы іс-қимыл» бөлімі |
||||
|
13 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету |
Жыл сайын жылдың қортындысы бойынша, қарашадан кешіктірмей |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі |
|
|
14 |
Ауданның еңбек ұжымдарын барлық құқық бұзушылық түрлеріне «нөлдік» төзімділік деңгейін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қамтуды қамтамасыз ету (Жақсы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру) |
Тұрақты |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі», «Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, ауыл және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер, мүдделі мемлекеттік органдар |
|
|
15 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы театр қойылымдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған кітаптар мен басқа да материалдардың көрмелерін ұйымдастыру |
Жартыжылдықта бір рет |
«Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ |
|
|
16 |
«Жастар сыбайлас жемқорлықсыз болашақ үшін» сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқу орындарында парасаттылық пен адалдық бойынша «Бірыңғай сағат» ұйымдастыру және өткізу (9-11 сыныптар) |
Жыл сайын |
«Жақсы ауданының білім беру бөлімі» ММ |
|
|
17 |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу |
Жыл сайын 23 маусымға дейін |
«Жақсы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ |
|
|
18 |
Жұмыс уақытынан тыс кезеңде қызметтік автокөлікті пайдалануды анықтау және жол бермеу жұмыстарын жүргізу |
Тұрақты |
«Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі, АМТ |
|