«Вакцинаны халыққа қолданбас бұрын жануарларға зертханалық көптеген клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіледі. Бедеуліктің пайда болу қаупі - вакцина қауіпсіздігінің маңызды өлшемдерінің бірі. Бұл міндетті түрде зерттеледі. «Спутник V» де басқа вакциналар сияқты және «Kaz-Covid-in» де репродуктивті функцияға әсер етпейді. Егер біздің қазақстандық вакцина туралы бөлек айтатын болсақ, оның технологиясы 80 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Осылайша тұмауға, полиомиелитке, кене энцефалитіне қарсы вакциналар әзірленді. Олардың жыныстық бездер функциясына ықтимал әсері баяғыда зерттеліп қойған. Олар бедеулікке апармайды», - деді сарапшы.
https://ortcom.kz/kk/novosti/sputnik-v-zhane-kaz-covid-bedeulikke-akelmejdi-sarapshy